Сәуірдің 22-23 жұлдызында Алматы облысы, Жамбыл ауданында еркін күрестен жасөспірімдер арасында өткен Республикалық турнирде 30 кг салмақ дәрежесінде Орынбек Данабек пен 27 кг салмақ дәрежесінде Сүлейменов Дастан 1 орын алып, алтын белдікті жеңіп алды.
Олар Астана, Шымкент, Тараз, Көкшетау, Ақтөбе, Алматы облысынан келген қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, шеберліктерін көрсете білді.
Сонымен қатар, Бақтияр Сұлтан өз салмағында қола жүлдеге ие болды. Республикамыздың бірнеше облыстарынан 500-ге жуық жас палуандар қатысқан дүбірлі додаға ауданымыздың жас палуандарын жаттықтырушылары Өтепов Ғадылжан мен Ерғазиев Болатбек дайындап апарды.
А.Шакупова