Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданының құрылғанына биыл 95 жыл толып отыр. Осынау мерейтойға арнап 23 қыркүйек күні ауданда аламан бәйге өтті.
Шашасына шаң жұқтырмас сәйгүліктер 27 шақырымға шапты. Нәтижесінде, Құрманғазы ауданы, Орлы ауылының тұрғыны Хамит Алтынбектің «Қарақұс» атты тұлпары Бас жүлдені жеңіп алды.
Сөйтіп, құрманғазылық атбегі «LADA Granta» автокөлігіне ие болды. Ат жалын тартып мінген шабандоз Еркеш те, сәйгүлігін сүт беріп, сұлы беріп баптаған Мерей де ортақ жеңіске дән риза.
Ендеше, атбегілерге аттарыңыз сүрінбесін деп тілейміз!