Құрманғазылық медицина қызметкерлері спартакиадада топ жарды

(0 Votes)

Атырау қаласында "Медицина қызметкерлері күніне" арналған облыс медицина мекемелерінің қызметкерлері арасында шахмат,тоғызқұмалақ,үстел теннисі, кіші аяқ добы және волейболдан спартакиада өтті.

Спартакиадаға аудан мекемелерінің қызметкерлерінен құрылған команда қатысып, жалпы есепте I орынға қол жеткізді.

Атап айтқанда,кіші аяқ добынан I орын, үстел теннисінен жедел жәрдем бөлімінің фельдшері Дүкенов Еркебұлан I орын алса, тоғызқұмалақтан Орлы дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Шайхиева Мейрамгүл II орын , шахматтан дәрігер статист Хамитова Нұргүл III алды.

Волейбол құрама командасы мен қыздар арасындағы үстел теннисінен емхана медбикесі Қабиева Гүлфара жүлделі орынға сәл жете алмай үздік төрттіктен көрінді. Шахмат пен тоғызқұмалақтан әр командадан бір адам шығып, қыздар ерлермен тең дәрежеде де айқасып,намысты қолдан бермеді.

Насихан Руслан Олжасұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521