Құрманғазылық депутаттар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

(0 Votes)

1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Құрманғазы аудандық мәслихаты депутаттар корпусы «Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мұндағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерт ұйымдастырып, сый-сияпаттар жасады.

«Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы жартылай стационарлық жағдайда мүмкіндігі шектеулі 20 балаға 11 ұл, 9 қызға, үйден қызмет көрсету жағдайында 95 жалғызбасты қарияларға және 45 мүмкіндігі шектеулі балаларға 8 бағыт бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Аудандық мәслихат депуттаттары корпусының қолдауымен қызмет алушы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатымен батут құрылып, С. Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қатысқан сазды бағдарлама тамашаланды.

Шара барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Ғаділханқызы жүрекжарды лебізін жеткізіп, орталыққа Құттықтау хаты мен балаларға арнап әкелінген тәтті тағамдарды табыс етті. Сондай-ақ орталыққа қарасты ауылдық округтеріндегі үйден қызмет көрсету жағдайындағы қызмет алушы балаларға да көңіл бөлініп, оларға батут пен тәтті жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Осындай игі істердің жаршысы болып жүрген, елінің қамын ойлайтын мәслихат төрағасы мен депутаттарға, сонымен қатар, кештің сәнін келтірген өнерпаздарға, баннермен қамтамасыз еткен «Фотозона Асылым» жеке кәсіпкерлігіне қатысушы балалардың ата-аналары дән риза.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521