Құрманғазы аудандық «Балбөбек» балабақшасының бүлдіршіндері республикалық «Өнерлі бала» балалар шығармашылық байқауында бас жүлде иеленді. Мектепке дейінгі ұйым аспапта ойнау жанры бойынша бақ сынаған болатын.
Нәтижесінде, «Шебер орындаушы» аталымын жеңіп алды. Шығармашылық сайысқа аталған балабақшадан барлығы 22 үміткер қатысты. Оның жартысы – ұл, жартысы – қыздар. Әрқайсысы түрлі муызкалық аспаптың құлағында ойнайды.
Атап айтқанда, А.Сырымбет, І.Ғалымжанова, Т.Салауат, М.Дүйсенов, М.Мұғалім, І.Инамат, Б.Нәбидолла, Н.Сырымбетова, А.Тоқтар және А.Асылбек домбырада ойнады. Ал, Н.Нұрлыбек қорапшада, А.Мырзабай кіші асатаяқта өнер көрсетті. Сондай-ақ, С.Ғалымжанова мен А.Құрманғазиева қоңыраулы асатаяқта шығарма орындады.Сол секілді, З.Асылбек синтезаторда, А.Линатов тұяқта, Р.Гаранин дауылпазда, С.Бауыржан мен Х.Ғалымжан кселофонда, А.Даниярұлы мүйізде және М.Берікжан үшбұрышта ойнады. Оларға Алихан Талғат дирижерлық жасады.
Ал, бұған дейін өнерлі бөбектер аудандық кезеңде Бас жүлде, облыстық байқауда бірінші орынға ие болған екен. Осы жеңістердің артында дарынды бүлдіршіндердің жетекшілері – Светлана Бердешова менГүлмира Сидеғалиевалардың зор еңбегі тұр.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ