Құрманғазылық жайдарманшы командалар «ПРЕМЬЕР ЛИГАҒА» жолдама алды

(0 Votes)

Атақты сатирик Сейіт Кенжеахметұлының «Күле білу - өмір, күлкі болу - өлім, күлдіре білу - өнер» деген сөзі бар. Иә, расымен талғамы биік көрерменнің алдында біреулер күлкі сыйлаймыз деп қылжаққа айналса, енді бірі сол сәттегі астарлы әзілінің арқасында халық жадына ұзақ сақталып қалып жатады.

Бүгін Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атырау қаласында «Маусымашар - 2023» тапқырлар ойыны ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат облыс көлеміндегі жасөспірімдер арасында тапқыр, ұтымды ой айтып, әзіл мен қалжыңды орынды жеткізе білетін жастарды қалыптастыру және оларды насихаттау болатын. Сайысқа қала және аудандардан барлығы 40-қа жуық команда қатысып, бақ сынады.

Күн ұзағына созылған күлдіргі ойынның нәтижесінде, құрманғазылық 4 команда үздік өнер көрсетіп, облыс жұртшылығының ыстық ықыласына бөленді. Атап айтқанда, ауданнан белгілі жайдарманшы әрі ұлағатты ұстаз Нұртілек Батуов жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы, Жамбыл ауылындағы Панфилов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушыларынан құралған «Аргентина» командасы және «Мақаш жастары», «Бағатырлар», «Ханның балалары» командалары келесі кезеңге өтті.

Осылайша, астарлы ой, қағытпа қалжың арқылы қоғам шындығын жеңіл әзілмен түйреп, үздік ойын көрсете білген аудан құрамалары ендігі кезекте «ПРЕМЬЕР ЛИГА» сайыстарында өнер көрсетуге жолдама алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT