Құрманғазыдағы пошта бөлімшесінде жаңа басшы

(0 Votes)

«Қазпошта» АҚ Құрманғазы аудандық бөлімшесінің басшысы болып Жандарбек Рахметов тағайындалды.

 Жандарбек Елемесұлы 1977 жылы 4 ақпанда Атырау қаласында туған. Білімі жоғары. 2005 жылы Каспий қоғамдық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1995-1997 жылдары Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Красный восток ауылында әскери борышын өтеді. 1998 жылы 12 қаңтарда Атырау облыстық ІІД -нің жол полиция басқармасының дербес ротасының инспекторы болып еңбек жолын бастады. 2001-2020 жылдар аралығында Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің «Шеп» бекетінің инспекторы, аға инспекторы, Құрманғазы ауданы Әкімшілік полиция бөлімінің тіркеу-емтихан тобының аға мемлекеттік автоинспекторы болып еңбек етті. 2020 жылдары Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторы бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарды.

Ұзақ жылғы мінсіз қызметі ішкі істер министрлігінің 10,15, 20 жылдық мерейтойлық, «Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл», Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың І дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Мемлекеттік тілді және орыс тілін еркін меңгерген. Құрманғазы ауылының тұрғыны. Отбасылы, бір ұлы, екі қызы бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT