Құрманғазыда «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

(0 Votes)

Аудан орталығында республикалық «Жолда қабылдау» акциясы жүріп жатыр. Оның аясында полиция қызметкерлері тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Мұндағы мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осыған орай, ауылдастар көкейдегі көп сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. «Жолда қабылдау» акциясы бұған дейін де бірнеше рет өткізілді. Онда да құрманғазылықтар жол қауіпсіздігіне, қылмысқа қатысты толғандырған сауалдарын қойып, біршама мәселенің басын ашып алған болатын. Бұл жолы да жол көлік оқиғасына, жол ережесіне, жылдамдықты арттыруға қатысты сұрақтар қойылды. – Мұндай акцияның тұрғындар үшін өте тиімді. Өйткені, қылмысқа қатысты, сонымен бірге жол ережесін сақтау заңдылықтарын халыққа құлақтандырып отырудың қоғамға пайдасы көп. Сол себепті де «Жолда қабылдау» акциясы жиі ұйымдастырылады. Өз тарапымыздан тұрғындар сауалына жауап берудеміз, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Талғат Исаев.

Акция ертең 15 шілде күні Еңбекші ауылдық округі Қадырка ауылының 60 пәтерлік үйлер орналасқан «Астана» көшесінде, республикалық автотрасса бойында ұйымдастырылады.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT