Құрманғазыда жазғы тынығу лагерьлері ашылды

(0 Votes)

Жаз айлары басталысымен-ақ барлық білім беру мекемелері жанынан жазғы тынығу лагері ашылады.

Бұл - оқушылардың демалысын, уақытын тиімді әрі қызықты өткізудің бірден-бір жолы. Абай орта мектебі «Балауса» жазғы тынығу лагерьінің ашылуын ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырды.

Шараға лагерь тынығушылары, ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Тынығушылар тәлімгерлерімен лагерь барысында орындауға тиісті талаптарды орындауға уәде берді.

Мектеп директоры Жамал Хасанова мен аудандық оқушылар үйінің директоры Мейрамгүл Шекетасова сөз сөйлеп, балаларға қызықты да есте қаларлықтай жазғы демалыс тіледі. Оқушылар «Қырықаяқ» ойынын ойнап, «Арыс» тобы және Айсәуле бүлдіршіннің айтқан әніне шеңбер құрып биледі. Лагерьлердің ашылу салтанаты аудандағы барлық мектепте жалғасын тапты.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521