Ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай жастар арасында "Мен жастарға сенемін!" атты мүшәйра жарысы қорытындыланды.
Айтыскер ақын Мүтиғолла Ғани, аудандық орталық кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Гүлден Хамзина және Манаев жалпы орта мектебінің қазық тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлсара Қамзаева төрелік еткен қазылар алқасы шешімімен:
"Ұлтжанды ақын" номинациясымен - Айсана Ешмурат (Ақкөл а/о);
"Сыршыл ақын" номинациясымен - Айсәуле Есенбай (Теңіз а/о);
"Ұлылыққа ұмтылған ақын" номинациясымен - Гүлнұр Днибекқызы (Жаңаталап а/о)
Жүлделі ІІІ орын - Назерке Райымбекова (Нұржау а/о),
Нұрхан Мирман (Шортанбай а/о),
Ұлан Иманғалиев (Бірлік а/о);
ІІ орын - Руслана Амангельдиева,
Марсель Ерсаинов (Сафон а/о);
І орын - Мақсат Орынбасар (Мақаш а/о);
"БАС ЖҮЛДЕ" - Жанаргүл Оралқызына (Бөкейхан а/о) бұйырды.
Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан диплом және естелік сыйлықтармен ұлығыланды.