Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1-маусымдағы №141 санды қаулысына сәйкес 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап Құрманғазы аудандық халықты жұмыспен қамту Орталығы мемлекеттік коммуналдық мекемесі таратылады.
Осыған байланысты Құрманғазы аудандық халықты жұмыспен қамту Орталығы мемлекеттік коммуналдық мекемесімен аудан жұмыссыздарын жұмыспен қамту бағытында көп жылғы (12 жыл) бірлескен жұмысымыз үшін барлық мекеме-кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлерге ризашылық сезіммен алғыс айта отырып, сіздермен 2023 жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін жасалған барлық шарттар 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап тоқтатылатынын қаперлеріңізге беремін.
Барлық талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекен-жайда қабылданады: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Жалел Нығметов көшесі 15А үйі.
Ескерту: Тоқтатылған шарттардың барлығы 1-шілдеден бастап жаңадан құрылатын «Атырау облыстық еңбек мобильдігі Орталығы» директорымен кері жалғастырылып жасалатын болады.
Құрманғазы аудандық халықты жұмыспен қамту Орталығы