Құрманғазы ауданы өткен жазғы туризм маусымын жемісті аяқтаған болатын.
Аудан туристерді табиғатымен және балық қорының алуан түрлілігімен тартады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда аудан аумағында 6 туристтік демалыс нысаны жұмыс жасауда. Олар: «Қиғаш», «ВМС», «Каспий Балық», «Lotos Atyrau», «Каспий», «Хан-Балық» демалыс базалары. Өткен жылы ауданға келуші туристер саны 3246 болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт есе өскен.
Ал, биыл алты айда ауданға 846 турист келген. Туристердің негізгі бағыттары - аңшылық, әуесқой балық аулау, Лотос алқабын тамашалау. Әсіресе, Лотос алқабын тамашалауға шілде айының орта тұсында өзге елден туристер көптеп келеді. Сонымен қоса, туристер үшін Қиғаш жағалауындағы 6 демалыс базасында барлық жағдай жасалған. Оларда күніне орташа есеппен 30 адамды қабылдауға мүмкіндік бар.
Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлеповтің айтуынша, ауданда туристтік база құрылысын жүргізуге жер телімдері берілуде. Оның ішінде Бірлік ауылынан кіріктірілген туристік аймақ құрылысы биыл бастау алады деп күтілуде. Аталған аймақтың орны беліленіп, қажетті құрылыс материалдары алынуда.
Сонымен қатар бөлім басшысы, Құрманғазы өңіріне туристерді көптеп тарту мақсатында қызмет көрсету сапасын да көтеру көзделуде екенін айтып өтті.
Туристер үшін: «Қиғаш» базасы - Теңіз ауылында орналасқан, байланыс телефоны 87027266554, «Каспий Балық» базасы Бірлік ауылында орналасқан, телефоны 87711544127, 87015980177, «Lotos Atyrau» базасы Теңіз ауылында орналасқан, телефоны 87024028560, «ВМС» базасы Теңіз ауылында орналасқан, телефоны 87014628809, «Каспий» базасы Теңіз ауылында орналасқан, телефоны 77777928238, «Хан-Балық» демалыс базасы , Теңіз ауылында орналасқан, телефоны 87015502806.