Құрманғазыда тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

(0 Votes)

Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстарда басын қатерге тігіп, қайтпас қайсарлықтың, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен бүгінгі ардагерлердің ерліктерін жастарға насихаттау- маңызды іс.

Осыған орай, Құрманғазыда Боздақтар обелискісінде соғыста батылдық танытып, кеудесін оққа тосып, өздерін бейбіт күннің құрбаны қылған жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, ескерткіш тақтаның алдына гүл дестелері қойылды. Одан әрі С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде "Отан қорғаған оғландар" атты салтанатты жиын жалғасын тапты.

Алдымен жиналғандар қаза болған сарбаздар мен соғыстан кейін өмірден озған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараға орай ардагерлерді құттықтау және марапаттау үшін сөз аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиевке ұсынылды.

Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың Құрманғазы аудандық бірлестік төрағасының орынбасары Райымбек Хамитов жауынгерлік парызын адал орындап, айбынды ерліктің үлгісін көрсеткен қаруластарының есімдерін мақтанышпен атап, республикалық қоғамдық бірлестіктің бұйрығымен "Ер есімі-ел есінде", "Алаш батыры" төсбелгілерін табыстады.

Шара С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT