Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу барысында 2023 жылғы 8 маусым күні Атырау облысы Құрманғазы ауданы "Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2008-2010 ж.т. үйірме оқушылар арасында шахматтан аудандық жарыс өтті.
Аталған жарысқа аудан мектептері белсене араласты. Жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында жүлделі: ІІІ орынды жеңіп алған Рамазан Нұрбек, Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы; ІІ орынды жеңіп алған Ғалымжан Марат, Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы ; І орынды жеңіп алған Қайрғали Алтынбек, Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы;
Қыздар арасында: ІІІ орынды жеңіп алған Абатова Дана, Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушысы; ІІ орынды жеңіп алған Берікқызы Хадиша, Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы. І орынды жеңіп алған Амангелді Динара, Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы.