Құрманғазыда "Ұлт үні" байқауы өтті

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық аналар кеңесі мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» байқауы өткізілді.

Шараның мақсаты – дәуірлерден жеткен даналар үнін жаңғырту, тау сілеміндей қатталған мол мұраны таныту, ғасырлар бойы жиылған ғибраттың өміршеңдігін көрсету. Байқауда түрлі этнос өкілдері арасында татулықты нығайту арқылы жүзеге асып,тарихи тұлғалар, ұлт мақтаныштарының шығармалары насихатталды, қазақ халқының өнерін танытып жүрген этнос өкілдеріне қолдау көрсетілді. Байқаудың алғы сөзін Құрманғазы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Б.Хасенова ашып, мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа Ақкөл ауылдық округінен латыш ұлтының өкілі- И.Алексюнайте, Бөкейхан ауылдық округінен орыс ұлтының өкілі – Т.Шушева,Теңіз ауылдық округінен орыс ұлтының өкілі О.Диргунова, Құрманғазы ауылдық округінен кәріс ұлтының өкілі В.Ким, Жаңаталап ауылдық округінен ұйғыр ұлтының өкілі- Ф.Мирзараимова қатысып, «Таныстыру» кезеңінде қатысушылар өздерін көрерменге жете таныстырып, жарқын жүзбен ақжарма тілектерін арнаса, "Сұлулықтың сымбаты – сөз сүзбесі" кезеңінде қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін оқып, шығармаларынан үзінді келтірді. «Өмірді өнермен өрнектеген» кезеңінде қазақ композиторларының әндерін орындап, дайындап әкелген қолөнер, ұлттық тағамдарын ұсынса, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» бөлімінде қатысушылар мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндірді.

Қазылар алқасының төрайымы, аудандық аналар кеңесінің мүшесі, ардагер-ұстаз О.Құмарғалиева, мүшелері аудандық келісім ұйымының хатшысы Ғ.Карина, ардагер- ұстаз Г.Ханафина қатысушылардың дайындығын, өнерін әділ бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша Ф.Мирзараимова 1 орынды иеленсе, В.Ким, Т.Шушева 2 орын, О.Диргунова, И.Алексюнайте 3 орындарды иеленіп, дипломдармен марапатталды. С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің әншілері Т.Қажыгереев,Е.Самиғоллаев әннен шашу шашып,шараның шырайын аша түсті.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT