Құрманғазыда «Кітап Time» фестивалі өтті

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен «Кітап Time» фестивалі түрлі форматты қамтыды. Республика бойынша бір уақытта өткен бұл шара көпшіліктің көңілінен шығып, нағыз Кітап мерекесіне айналды.

Алдымен кітапхана директоры Анар Мусина фестивальдің мәні мен маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әдіскер Ақмоншақ Төреханқызы жүру барысымен таныстырса, кітапхананың тұрақты оқырманы Хиуаз Өтембайқызы ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді. Фестивальдің мақсаты – балалар мен жастардың көркем әдебиетке деген құштарлығын оятып, оқырмандар үшін бірыңғай алаң құру, қоғамның зияткерлік әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру. Бұл күні кітап оқуға үгіттейтін қызықты мәдени, интеллектуалдық шаралар жалғасын тапты.

Оқырмандарға кітапхана қорына түскен «100 жаңа кітап» көрмесімен библиограф Гүлайна Жалғасбайқызы таныстырды. «Оқимыз, жазамыз, сурет саламыз» атты сергіту шарасын кітапханашы Нұргүл Қайырлиева ерекше балалармен жүргізді. «Куиз» интеллектуалдық ойынына 5 команда қатысты.

Бірнеше кезеңнен құралған ойын нәтижесінде «Ұшқын» командасы жеңіске жетсе, «Мәдениет» тобы ІІ, кітапханашылар ІІІ орынды қанағат тұтты. Қатысушылар сұрақтар фуршетіндегі қызықты сауалдарға жауап беріп, ауданымызға белгілі ісмерлердің қолөнер бұйымдарын тамашалады.

Фестиваль арқылы оқырмандарға кітапхананың маңыздылығы, кітап оқудың пайдасын түсіндіріліп, уақытын тиімді өткізуіне ықпалын тигізді. Бұдан кейін «Жас қаламгер» шығармашылықпен айналысып жүрген балалармен кездесу ұйымдастырылды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика