Құрманғазыда канал суына құлаған екі баланың бірі мерт болды

(0 Votes)

Қайғылы оқиға Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылындағы тұрғын үйде орын алған.

Атырау облыстық ТЖД хабарлауынша, ағалы-інілі екі бала ойнап жүріп, абайсызда Щуче каналының шұңқырына құлап кетеді. «Алдымен 2016 жылы інісінің құлап кеткенін көрген 2013 жылғы ағасы құтқармақ болып шұңқырға секіреді.

Айналада бірге ойнап жүрген балалар үлкендерді шақырып, дереу көмекке жеткен тұрғындар 2 баланы да судан шығарып алады.

Өкінішке орай, 7 жасар бала оқиға орнында қаза болған, ал 10 жастағы бала дереу ауылдық жедел-жәрдем арқылы аудандық ауруханаға жеткізіледі.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында», – деді Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

 atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика