ҚҰРМАНҒАЗЫДА «ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» ӘРТІСТЕРІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

(0 Votes)

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясында ҚҰРМАНҒАЗЫ ауданы тұрғындарына концерт ұйымдастырды, - деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Кеште ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, республикалық байқаулардың лауреаттары Райым Уайс, Әлихан Дүйсенбай, Т&Y дуэті және «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Концерт шымылдығын ансамбль Құрманғазы бабамыздың «Серпер» күйімен ашты. Ансамбль халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары атанған 16 ең үздік музыканттардан құралған, әртістері домбыра, қылқобыз, сыбызғы, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, дауылпаз, сырнай және басқа да аспаптарда ойнады. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, белгілі композитор Бауыржан Ақтаев.

Шығармашылық ұжымның гастрольдері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және облыс, аудандардағы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан» имидждік жобасының аясында өтуде. Жобаның мақсаты – өңір тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу.

Концерттік кешке көптеп жиналған аудан тұрғындарына өнерпаздар керемет мерекелік көңіл күй сыйлады. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Марат Измұханұлы Хасанов осынау дүбірлі мейрамда ауданға өнер мерекесін ала келген ұжымға алғыс білдіріп, естелік сый тарту етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521