Құрманғазыда балықшылар құрметтелді

(0 Votes)

Балық шаруашылығы – оны аулаумен, өңдеумен, қорғап, қорын молайтумен айналысатын күрделі сала. Шілде айының орта шенінде келетінн балықшылар күні ауданымызда кең көлемде тойланып өтті.

Нәпақасын тереңнен теретін кәсіп иелерінің мерейлі мерекесі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен басталды. С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Теңіз төскейіндегі тіршілік» атты салтанатты шараға ата кәсіптің өркендеуіне тер төгіп жүрген сала еңбеккерлері көптеп қатысты. Аудан әкімі Абат Жанғалиев табиғатпен етене байланыста болатын мұзбалақ балықшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел дәулетін еселеудегі ұшан-теңіз еңбектеріне зор бағасын берді. Жүрекжарды тілегінен кейін сала ардагерлері мен олардың бүгінде айдын төсін шиырлап, су маржандарын тереңнен теріп жүрген ізбасарларына, балықты өңдеумен айналысатын бесаспап мамандарға бірқатар марапаттар табыстады.

 

Құттықтау тілекті аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Хисметуллин жалғастырып, сала үздіктерін Алғыс хатпен ұлығылады. Аудан өнерпаздары балықшылардың құрметіне ауқымды концерттік бағдарлама ұсынды.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT