Құрманғазыда «БАЛА ДАУЫСЫ - 2023» байқауы өтті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сай 7 мен 12 жас аралығындағы өнерлі өрендерді қамтыған «Бала дауысы» ән байқауы өтті.

Оған барлығы 44 үміткер қатысып, бақ сынады. Байқаудың шартына сай қатысушылар 7-10 жас аралығындағы кіші топ және 11-12 жас көрсеткіші үлкен топ ретінде өзара додаға түсті. 3 сағатқа созылған байқауда өнерлерін ортаға салған талантты балаларды әділқазылар құрамы бағалап, нәтижесінде кіші топ арасында ерекше дарынымен көзге түскен Сафон ауылы, жалпы білім беретін Қадыр Мырза Әлі атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Жанерке Батырбек ән байқауының басты жүлдесін еншілесе, үлкен топтар арасында шалғайдағы Асан ауылының намысын арқалап келген Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің 6-сынып оқушысы Нұрсая Бақтыгерей жеңімпаз атанды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT