Құрманғазыда ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланған отырыс өтті, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қыметі.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиевтің төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығының аудан бойынша балық аулау лимитінің орындалысы, су айдындарында жаппай шабақ қырылу қауіпінің алдын алу жұмыстары, игерілмеген босалқы жер мәселелері талқыланды.

Жиынға аудандық ауыл шаруашылығы саласына қатысты мамандар, балық шаруашылығына жауапты тұлғалар, сондай-ақ барлық ауылдық округ әкімдері қатысты.

Алдымен аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы Асқар Мұфтах 2022-2023 жылдың шілде айына дейінгі аудан бойынша балық аулау лимитінің орындалысынан ақпарат берді.

Ауданда балық шаруашылығымен айналысатын 6 шаруашылық бар. Осы шаруашылық субъектілеріне Қиғаш өзенінен 9 сағалық кеңестіктер бөлінген.

Аудан бойынша өткен жылдың шілде айы мен осы жылдың шілде айына дейін бөлінген балық аулау лимитінің орындалысы барлық 6 шаруашылық бойынша 6 138 тоннаны құрайды. Ал, 2023 жылғы көктемгі маусымда лимит 94,7 пайызға орындалған, яғни 5 856 тонна.

Сонымен қоса, былтыр күзгі балық аулау маусымында 2 910 тонна балық экспортқа шығарылған.

Келесі кезекте «Жайық-Каспий» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің басшысы Бақытты Испергенов хабарлама жасады.

Оның айтуынша, аудандық инспекция бөлімі мамандарымен жаппай шабақ қырылу фактілерін болдырмау мақсатында аудан көлеміндегі су айдындарында бақылау-қадағалау жұмыстары үнемі жүргізіліп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар тиісті табиғат пайдаланушы шаруашылықтармен бірлесіп жүргізілуде.

Жиында сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мақсатқа сай игермей отырған жер учаскелері жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Қуаныш Имашев баянат етті.

Аудан бойынша игерілмей отырған жер учаскелерінің 2022 жылы ауданның босалқы жер қорына барлығы 320423 га қайтарылса, ал, 2023 жылдың 5 айында 2809,25 га жер учаскесіне түгендеу жүргізілген.

Қазіргі кезде 2809,25 га жер учаскесі ауданның босалқы жер қорына, мемлекетке қайтарылған. Жиынға қатысушылардың барлық баяндалған мәселеге орай ұсыныстары мен тілектері тыңдалды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Ғаділханұлы қорытынды сөз алып, аталған мәселелерді шешуде атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылап, округ әкімдеріне ауыл аумағындағы шаруа қожалықтарын аралап қарау арқылы бірігіп жұмыс жасауды міндеттеді.

Бұдан өзге игерлімеген шаруашылық жерлерін анықтап, мемлекет қорына қайтару мәселесі бойынша, арнайы құрылған мониторинг топтарының жұмыстарын да жандандыруды тапсырды.

Жиын соңында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы А.Мұфтах шаруашылық иелері мен ауыл әкімдеріне ауданда егіншілік бағытын дамытуға атсалысуға шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521