Биыл 20 жылдық тарихы бар, оның соңғы 10 жылдығында кіші аяқ добына ауысқан дәстүрлі Құрманғазы ауданының аула командалары арасындағы жазғы чемпионат Ақкөл ауылында бастау алды.
Аудан жастарының өтінішімен ақкөлдік спорт белсендісі Елтай Бағжан мен аудандық мәслихаттың депутаты Әнуарбек Сәбитовтің ұйымдастырумен және спорт бөлімінің басшысы Алмаз Қайыржанұлынын қолдауымен жазғы чемпионат Ақкөл ауылдық округінің орталық алаңында өтуде. Чемпионаттың жылдағыдан ерекшелігі 22 команда жоғары және І лигаға бөлініп бақ сынайды. Бұл рекордтық көрсеткіш. 3 шілдеде басталған жарыс 3 тамызға дейін жалғасады.