Құрманғазыда аудандық мәслихаттың III сессиясы өтті

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың біріккен тұрақты комиссияларының отырысы өтті. 

Жиынға аудандық мәслихат депутаты Мансұр Қуанышәлиев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Аталған отырыстың күн тәртібінде он алты мәселе қаралды. 2022 жылға арналған аудан, ауылдық бюджеттердің атқарылуы туралы облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Г.Хайрушева, аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №216-VII «Аудандық мәслихаттың және тұрақты комиссиялардың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және басқа да мәселелер жайлы аудандық мәслихат төрағасы Г.Қалиева, сондай-ақ, Құрманғазы ауданы бойынша 2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту аясында ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Сиражев хабарлама жасады.

Құрманғазы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту және аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін қолданыстан жою жөнінде ауданның кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Н.Тулеповтың хабарламасы тыңдалды. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 сәуірдегі №160-VI «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәлесінде аудан әкімінің бас инспекторы Б.Вахитов, Құрманғазы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 қазандағы №463-VI «Құрманғазы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Р.Насибуллаев, Құрманғазы ауданының Құрмет Грамотасымен марапаттау жөнінде ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы З.Жоламанова және Теңіз ауылдық округінің әкімі Қайсар Мақсотов хабарлама жасады. «Құрманғазы аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту және өзге де мәселелер жайлы аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Әнестің хабарламасы тыңдалды.

Комиссия мүшелері хабарламашыларға күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес сұрақ-сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Талқыланған мәселелер VIII шақырылған аудандық мәслихаттың III сессиясының күн тәртібіне енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT