Құрманғазы ауданының 95 жылдығына арнап «Қасиетіңнен айналайын, Құрманғазым!» атты Батыс аймақтық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды «Серпер» газетінің тілшісі.
Оған Атыраудан бөлек, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе өңірлерінен ақындар қатысады деп күтілуде. Аудан әкімдігі мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өтетін жыр бәйгесін көрермендер тегін тамашалай алады. Аламан айтыста ақындар Серік Қойшығұлов, Айнабек Бисенғалиев, Салауат Кәрімұлы, Жанболат Әлиев, Самғар Орынбай, Серікбол Панабердиев, Нұрбейбіт Нұғманов және Нұрболат Нұғманов бақ сынамақ. Айта кетейік, айтысты ҚР Мәдениет саласының үздігі Шалқарбай Ізбасаров жүргізеді.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ