Құрманғазыда 405 тұрғын тиесілі жерлерін алуда

(0 Votes)

Бүгінде ауданда тұрғын үйлер салуға басымдық берілуде.

 Өткен жылы Құрманғазы ауылдық округінде 468 жерге арналған инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталып, 2016 жылдан кезекте тұрған тұрғындарға жер беріле бастаған болатын,- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталған жерден тұрғындар үй салу жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Жеке тұрғын үй құрылысы туралы Заңына сәйкес, «Құрылыс салушы тұрғын үйдi белгiленген құрылыс және мiндеттi қалыптар ережелердi бұзбайтын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның жергiлiктi атқарушы органының сәулет-қала құрылысы қызметiмен келiсiлген кез келген жоба бойынша салуға құқылы.» делінген.

Соған байланысты тиісті сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ерсін Махмутовпен жеке тұрғын үй салушы тұрғындармен кездесіп, ғимараттары қоршауға дейінгі қашықтыққа рұқсат ету ережелерімен таныстырып, кез келген құрылыс бастар алдында, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен құрылыс салуға рұқсат құжаттарды алу қажеттілігін түсіндірді.

«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу қажет.

1.«Сәулет-жоспарлау тапсырмасы» (бұдан әрі – СЖТ);

2.«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»;

1. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну».

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі: www.egov.kz, eatyrau.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны. электрондық (толық автоматтандырылған) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1)Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2)Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда).

2. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі: "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, eatyrau.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1)Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2)Эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов салынып жатқан тұрғын үйлер ауылдың келбетіне сай, бір бағытта, рұқсат етілген қашықтықты сақтай отырып салынса деген ұсынысын айтты.

Жалпы, бүгінде кезекте тұрған 1724 тұрғынның 405-і тиесілі жерлерін алуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521