Құрманғазыда 18 ұлттың өкілдері тұрады

(0 Votes)

Ауданымызда 18 ұлттың өкілдері баянды ғұмыр кешуде. Тұрғындардың 96,4 пайызы – қазақтар. Орыстар – 3,2 пайыз болса, қалған бөлігін кәріс, неміс, татар, украин, белорус және басқалары құрайды.

Мерекелерде болмаса біз олардың қай ұлттан екеніне көп мән бермейміз. Ұлтын сұрамаймыз. Құрманғазылық деп санаймыз. Өзара емін-еркін араласып, той-қонақтықтарды бірге атап өтеміз. Көбі қазақшаны ана тіліндей біледі. Базарда тұратындарымен сөйлесе қалсаң, көшеде кездессең кейбірі саған қазақша жауап беруге тырысады. Соны көріп риза боласың.

Жақында ғана аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен бір шараға қатысуға бардым. Кіре берісте орыс жігіті отыр екен. Ауыл үлкендерін көрісімен: «Сәлеметсіз бе!» деп амандасып жатыр. Бұл – қазақ халқына көрсетілген құрмет, Қазақстан халқы бірлігінің көрінісі.

Қазір де аудан орталығынан кіп-кішкентай өзге ұлт балаларының қазақ замандастарымен мәз болып сөйлесіп, күліп-ойнап жүргенін көреміз. Көреміз де ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан татулығымызға селкеу түспесін деп тілейміз. Лайым солай болғай! Елдегі тыныштыққа, ұлтаралық татулық пен сыйластыққа ештеңе теңеспейді. Бақыттың өзі бейбіт өмірде ғой.

Айнагүл ШАКУПОВА

Сурет  ашық дереккөзден алынған

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT