Құрманғазы ауылында 3-топ "Жасыл ел" сарбаздары өз жұмысын бастады

(0 Votes)

"Жасыл ел" ЖЕЖ жастарды еңбекке баулып, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға және жаңа достар табуға мүмкіндік берді.

Құрманғазы ауданы бойынша Маусым және Шілде айларында 15 ауылдық округте 185 жас жұмыспен қамтылды.

Жастары екі ай уақыт ішінде Тәуелсіздік саябағын, ПМК ауылында орналасқан қоршаулы теректердің шөптерін жұлып, Самаркин елді мекенінде орналасқан балалар ойын алаңын қоқыстардан тазартып, әкімшілік ауласының арам шөптерін жұлып, Аманат партиясының қоршауын сырлап, Самаркин ауылының көшесінде орналасқан қоршаулы теректердің шөптерін отап, Шарон өзен бойын қоқыстардан арамшөптерден тазартумен де айналысты.

Маусым, Шілде айларында Құрманғазы, Орлы, Теңіз, Еңбекші, Мақаш, Азғыр, Сүйіндік, Асан, Нұржау, Шортанбай, Көптоғай, Дыңғызыл, Бөкейхан, Сафон, ауылдық округтерінде 6 рет #trashtagatyrau акцисы, 6 рет, "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы 5 рет , "Таза аймақ-таза өмір" эко акциясы және Жасыл ел еңбек жасағының атсалысуымен ауылдық округтерде 30- дан астам шара өткізілді.

Жасыл ел жастары әр акцияға және жобаларға белсенді қатысып, қоғамдық өмірде белсенділіктерін арттыруда.

Тамыз айында Құрманғазы ауылы, Бірлік, Қиғаш ауылдық округтері бойынша 65 жасты жұмыспен қамтып , жұмысты бастап кеттік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT