ҚҰРМАНҒАЗЫ АУЫЛЫ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округ әкімі Абдуррахман Рахметұлы ағымдағы жылдың ІІ тоқсанындағы атқарылған жұмыстары жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, есеп берді.

 Жиынға аудан әкімінің міндет атқарушы Нұрлыбек Ғаділханұлы, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық дербес бөлім басшылары мен ауылдық мекеме басшылары, құқық қорғау органдары қызметкерлері қатысты.

Округ әкімі А.Рахметұлы жиналысты ашып, өзінің есебінде округ бойынша жасалған жұмыстар туралы баяндады. Ауылдағы басты мәселе үш зиратты қоршау жоспарға алынып, қаражат бөлініп отырғанын айтып өтті.

Жиында ауыл тұрғындары ұсыныс, пікірлерімен бөлісті. Тұрғындарды мазалайтын сауалдар қатарында , иесіз ит-мысықтың мәселесі, аудан орталығында елді мекендердің сәулетін бұзып тұрған ғимараттарды бұзу, орталық демалыс орындарын, саябақты ретке келтіру, медициналық қызметке қатысты сауалдар болды. Мәселеге орай округ әкімі, тиісті бөлім басшылары түсінік беріп, кейбір сауалдарға қатысты шешілу жолдарын түсіндіріп өтті.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Ғаділханұлы кәсіпкерлікті дамыту, мал басын көбейту, ауыл тазалығын сақтау және құрылыс жұмыстары жүріп жатқан, жоспарланған шаралармен таныстырды. Ауыл тұрғындарына 2,5% кредит алуға мүмкіндік бар екендігі ескертіліп, басталғалы отырған кәсіпкерлерге үлкен үміт артып отырғандығы айтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521