Құрманғазы ауданының 95 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

(0 Votes)

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды, ата – бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған, барлық игілігіміздің бастауы болған Ұлттық мереке – Республика күнімен және мемлекетіміздің осындай ең маңызды мерекесі қарсаңында мәдениет пен әдебиеттің бір туар тұлғаларының, ержүрек батырлар мен елге әйгілі шешен – билердің, көптеген еңбек ардагерлерінің кіндік қаны тамған киелі де қасиетті өңір, Ұлы даламыздың берік «батыс қақпасы» – Құрманғазы ауданының құрылғанына 95 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан деген Ұлы шаңырақты одан әрі гүлдендіру жолында еліміздің бірлік пен тірлікке жаңаша бет алған кездегі ауданымыздың бүгінгі мерейтойымен сіздерді құттықтай отырып, сүйікті Отанымыздың кемел келешегін нығайту бағытындағы еңбектеріңізге табыс, барлығыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ – береке тілеймін.00000000000 Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болғай!

Ақ ниетпен,  Мәннәп қажы Меңдіғалиұлы,

«Атырау облысының Құрметті азаматы»,

«Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы»,

Алматы қаласы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT