Құрманғазы ауданында «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған жаза өтеуден жалтарған және іздеудегі адамдарды анықтау, сондай-ақ, есепте тұрған адамдардың қайта қылмыстардың алдын алу мақсатында сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы және жұмыс орындарынан тексеріп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп бақылау жасалынуда.

Аудандық пробация қызметінің есебінде қоғамнан қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың барлығы-91 адам. Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасына тартылғандар-59 адам, шартты сотталғандар-16 адам, қоғамдық жұмысқа тартылғандар – 0 адам, белгілі бір қызмет атқару құқығынан айрылғандар – 16 адам. Пробация қызметі өз тарапынан тәрбиелік дұрыс жолға салып, қайта қылмыс жасаудың алдын алу және болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда.

Е.И.Сұлтанов,

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Құрманғазы аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT