Құрманғазы ауданында төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша кешенді оқу-жаттығу өтуде

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша кешенді оқу-жаттығудың бірінші күні аяқталды. Ауданда өтіп жатқан оқу-жаттығудың практикалық жұмыстары түстен кейін аудандық ауруханада жалғасын тапты.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әнуарбеков Дарын қатысты.

«Жарылыс» дабылы түскен бойда шұғыл жұмыстар қолға алынып, алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция бөліміне хабарланып, аталған құзырлы орган қызметкерлері нысанды қоршау, барлау жұмыстарын жүргізді.

Бұдан соң, аудандық орталық ауруханада ем алып жатқан науқастар мен қызметкерлер лезде эвакуацияланып, қауіпсіз аймақ - аудандық күндізгі ауруханаға көшірілді. Бұл шараға 4 техника, 20-дан аса медициналық қызметкер, 2 жедел жәрдем топ жұмылдырылды.

Қауіпсіз аймақта науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қоса, олардың ем алу жұмыстары қалыпты түрде жалғасты. Аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы Саида Уахапқызы орын алған жайтта атқарылған қызметтер, жұмылдырылған қызметкерлер мен техникадан хабардар етті.

Айта кетейік, төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша кешенді оқу-жаттығу ауданда 2 күнге жалғаспақ.

Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT