Құрманғазы ауданында 12 жасар бала суға құлап қаза тапты

(0 Votes)

2023 жылғы 30 мамырда сағат 15:00-де Құрманғазы ауданының Сафон ауылында канал арқылы өту кезінде 2011 жылы туған бала абайсызда суға құлап кеткен.

Хабар түскеннен кейін ТЖД күштері шақырту орнына жедел шықты. Бала «Сафон» жасанды каналы арқылы мал айдау кезінде (жылқы малы) абайсызда ат үстінен суға құлап кеткені анықталды. ТЖД-нің іздестіру-құтқару жұмыстары барысында сағат 15:30-да жергілікті тұрғындардың күшімен баланың денесі табылып, туысқандарына берілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД (8 жеке құрам және 2 техника), АПБ (1 қызметкер және 1 техника) және жергілікті тұрғындар (20 адам және 2 жүзу құралы) жұмылдырылды.

Жыл басынан бері Атырау облысының су айдындарында 3 адам қаза тапты, оның ішінде 2-сі бала.

ТЖД құтқарушылары 4 адамды құтқарып қалды.Судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Атырау облысының су айдындарындағы қайғылы оқиғалар тіркелуде.

Құрметті ата-аналар! Жазғы демалыстың басталғанын ескере отырып, сіздерден балаларыңызды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521