Құрметті қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!
Құрметті аудан тұрғындары!
Биыл тарихта таңбаланып аты қалған Ұлы Жеңіске 78 жыл толып отыр. Баршаңызды осы қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Бар әлемді дүр сілкіндіріп, жер ананы қанға бояп, асыл аналардың көзінің жасын құрғатпай, ананы баладан, баланы әкеден, қыз-келіншектерді аяулы жары мен сүйіктісінен айырған сұм соғыстың аяқталғанына сексен жылға жуық уақыт өтсе де, бүгінгі ұрпақ оның мән-маңызын жете түсінеді. Өйткені, бізге дәл қазіргі тыныштық пен бейбіт өмір тектен - текке келген жоқ. Ұрыс даласында оқ пен оттың ортасында жүріп біздің қанша әке-аталарымыз, аналарымыз елін-жерін жаудан қорғаймыз деп, Отан алдындағы борышын адал атқара жүріп, қаза болды. Осы бабаларымыздың есімін жылдар өткен сайын жаңғыртып, еске алу, ерлік істерін мадақтау – біздің азаматтық парызымыз. Біз осындай елдің ұрпағы екенімізді мақтан етуіміз керек. «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды».
Мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыңызға береке-бірлік, денсаулық, бақыт тілеймін. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын, балаларымыздың жүзінен күлкі кетпесін, қашан да шуақты күннің астында Тәуелсіз еліміздің көк байрағын желбіретіп, биік армандарымызға жете берейік демекпін!
Құрметпен, Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов