ҚҰРМЕТТІ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!
Баршаңызды су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген халықпыз. Ауыл шаруашылығына бейімделген ауданымызда қазірде бірнеше канал мен су арналары қазылуда. Сулы, нулы Құрманғазы ауданы атануымызға осы сала ардагерлерінің сіңірген еңбегі өлшеусіз.
Ауыл шаруашылығына ең бірінші керегі – су. Оның мақсатты пайдаланылуын реттеп, тиімділігін арттыруға су мамандарының қосар үлесі мол. Табиғаттағы су қорларын үнемді пайдаланып, сақтай білуіміз керек. Бұны өз ретімен, жүйесімен кәсіби мамандар ғана жүзеге асыра алады. Сала мамандарының алдында тұрған міндет – суды тиімді пайдалану арқылы өзен-өзектердің қорын сақтап қалу.
Күннің ыстық-суығына қарамай аянбай еңбек етіп жүрген сушыларымыздың еңбегіне құрмет көрсету – біз үшін үлкен абырой.
Құрметті ардагерлер, сала қызметкерлері, Құрманғазы өңірінің су шаруашылығы саласын дамыту жолындағы атқарып жатқан ерен еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен, Құрманғазы ауданы әкімі Абат Сайфоллаұлы Жанғалиев