Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2023 жылғы 14 тамыздағы №207-ж бұйрығымен Айбек Рафаилұлы Саспанов Құрманғазы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Айбек Рафаилұлы Саспанов 1988 жылы 18 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. Ұлты - казақ. Білімі - жоғары.
2013 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Салық саласындағы еңбек жолы 2007 жылдан бастау алды. Атырау облысы бойынша салық, кейін мемлекеттік кірістер органында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы лауазымдарында жұмыс жасады.
2023 жылғы 26 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының «Нұра» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы лауазымында қызмет атқарды.