2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Құрманғазы аудан әкімдігіне қарасты аудан әкімінің аппараты, 19 ауылдық округ әкімінің аппараты және 7 дербес бөлім бар.
Штат саны 179 құрайды. Бос орындар саны 20 (тұрақты 12, уақытша 8).
Жас ерекшеліктері бойынша 23 жасқа дейін-2, 23-29 жас аралығында-19, 30-39 жас аралығынды-71, 40-49 жас аралығында-43, 50 жастан жоғары-32 қызметші бар. Оның ішінде 2 зейнеткерлік жастағы мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылып, күні бүгін қызметін жасауда.
Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің ішінде ерлер 90 ( 54%), әйелдер саны 77 (46%).
167 мемлекеттік қызметшінің ішінде кәсіптік техникалық білімі бар 10, жоғары білімі бар 132, екі және оданда көп жоғарғы білімі бар қызметші саны -21, магистратура бітірген 4, оның ішінде 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген 2 мемлекеттік қызметші бар.
2023 жылдың 9 ай ішінде ішкі және жалпы конкурстар нәтижесімен 16 азамат тағайындалды. Оның ішінде мемекеттік қызметке 7 адам алғаш қабылданып сынақ мерзімінен сәтті өтіп лауазымға тағайындалды.
Ауданда меритократия қағидатының негізінде мансаптық өсу мүмкіндігі күшейтілуде және мемлекеттік қызметке іріктеу сапасын жоғарылатуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Биылғы жылы 8 мемлекеттік қызметшінің лауазымы жоғарылады.
2023 жылдың 9 ай қорытындысымен мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы (мемлекеттік жүйеден кетуі) 1 адамды құрады.
2023 жылдың 9 айында 110 маман оқудан өтті. Атап айтқанда басшы лауазымға алғаш тағайындалғандарға арналған қайта даярлау курсынан 1, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарға арналған қайта даярлау курсынан 7 өтті, мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру семинарынан өтті-102 (жоспарлы түрде 70, жоспардан тыс 32).
Хаттарова Ақбота Нұрланқызы, бас маман