Құрманғазы аудандық сот қызметкерлері ауылымыздың тұрғынын құттықтады

(0 Votes)

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Атаулы мерекеге орай, Гүлсім Тасқынбаева бастаған Құрманғазы аудандық сот қызметкерлері Құрманғазы ауылының тұрғынын құттықтады.

Олар жалғызбасты қария Асылболат Мустафиннің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Қазыналы қарттың басына амандық, деніне саулық тіледі.

«Сіз секілді аға буын өкілдерінің кейінгі ұрпаққа үлгі болар өнегесі мен өсиеті зор. Халқымыз «қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, біз секілді бүгінгі ұрпақ өкілдерінің Сізден үйренері өте көп. Біздер сіздерге қарап бой түзейміз» деді құттықтаушылар.

Өз кезегінде Асылболат ақсақал арнайы уақыт бөліп, ізгі тілектерін арнауға келген қонақтарға аппақ алғысын жаудырып, батасын берді.

Әділет АМАНГЕЛДІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT