Құрманғазы аудандық архив филиалындағы «Ашық есік» күні

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің 2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен республикалық кеңесі хаттамасының 4 тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында жергілікті мемлекеттік архив базасында «Ашық есік» күні өтті.

Аудандық архив филиалында үстіміздегі жылдың 21 қыркүйек күні сағат 09.00-18.30 аралығында ұйымдастырылған шараға М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісінің орынбасары Ә.Е.Таяшева, қызметкерлер Д.Сундетова, Ғ.Мураталиева жетекшілігімен 55 оқушы, Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің сынып жетекшілері М.Ж.Сариева, Г.Р.Сеймованың қатысуымен 19 оқушы, Атырау облысы білім беру басқармасының Құрманғазы аудандық аграрлы-техникалық колледжі КМҚК-ның мұғалімдері Ш.Ж.Каршигина, З.У.Бектуринаның қатысуымен 72 студенттер, Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері Д.А.Тұяқбаева, Б.А.Аманжолова, Н.Т.Аққалиева, З.Р.Хайруллина жетекшіліктерімен 87 оқушы, 13 қатысушылар қатысты. Ашық есік күнінде жалпы қатыс саны - 257 адамды құрады. Сондай-ақ ашық есік күніне «Серпер» газетінің веб редакторы Г.Бралиева қатысты.

 

Ашық есік күні барысында Құрманғазы аудандық филиалының атқаратын қызметі мен мақсаты және міндеті туралы келушілерге түсінік берілді. Аудан көлемінде аудандық архив филиалы бірден-бір аудан тарихын сақтайтын мекеме екені сөзсіз. Мемлекеттік есепте сақтауда тұрған қордағы құжаттарды сақтау, сапасын жоймай күтіп ұстау, жойылып кетуіне жол бермеу, кейінгі ұрпаққа мұра етіп жеткізу бағытында жасалынып отырған жұмыстар бойынша айтылды. Архив филиалы құжаттарды қабылдап, сақтаумен ғана шектелмейтіні белгілі, сол себепті мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды уақыты келгенде насихаттау, жариялау бағытында жоспарға сәйкес саяси іс-шаралар ұйымдастырылып тұратыны, өткізілген шарадан фотосуреттер мен жергілікті «Серпер» газетінде мақалалар жарық көріп, әлеуметтік желілерде жарияланатындығы туралы мағлұмат берілді.

Осы атқарылып отырған жұмыстармен қатар, сақтауда тұрған құжаттарды бояуы жойылып кетпеуі үшін цифрлық форматқа көшіру жұмыстары, яғни сканерлеу жұмысы жүргізіліп, Е-архив жүйесіне енгізу жұмыстары жалғасын тауып отырғандығы туралы хабарлады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының 1 түрімен, атап айтқанда «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» жұмысымен айналысатындығы және жеке тектік құжаттар, фото құжаттар сақталатыны жөнінде айтылды.

Ашық есік күніне келушілерге жеке тектік құжаттар мен фото суреттер топтамасынан көрме жайылды. Қоймаларға, оқырман залына саяхат жасау арқылы мұғалімдер мен оқушылардың, сондай-ақ қатысушылардың қызығушылықтарын оятып, сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. 000 Филиал ұжымы «Ашық есік» күніне келген қатысушыларға ризашылық білдірілді.

«Бүгінгі күн - ертеңгі тарих» дегендей, әр өткен күнімізді саралап, атқарылып отырған жұмыстарымыз кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалатындай болса, олда бір көп жылғы қалыптасқан еңбектің жемісі мен жеңісі болары анық.

 Г.Калиева,

филиал басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT