Құрманғазы аудан әкімі Марат Мурзиев мереке қарсаңында әйелдер қауымы өкілдерін құттықтады

(0 Votes)

Гүл-көктемнің шұғылалы мерекесіне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әлемнің сыйы – әйелге» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Әсем кешті әрлеп жүргізген ауданға танымал өнерпаздар Болат Бидоллаев, Рүстем Тоқаев, Қайрат Сайфуллин ақындардың жырларынан үзінділер келтіріп, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналардың бейнесіне тоқталды.

Аудан әкімі Марат Мурзиев құттықтау сөзін жеткізіп, әйел-қыздардың қоғамдағы рөлін айрықша атап өтті.

Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Алтын алқа» наградасымен Жаңаталап ауылдық округінің тұрғыны Айман Қыдырсихованы ұлығыласа, «Күміс алқа» наградасын Орлы ауылдық округінің тұрғыны Сәулеш Болатқызына табыстады. Сонымен қатар, еңбекте абыройға бөленіп, отбасының ұйытқысы болып отырған бір топ қыз-келіншектерге аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.

Одан әрі сахнада аудан өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынып, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT