«Құрманғазы-2023» жазғы чемпионаты өз мәресіне жетті

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық округінде Құрманғазы ауданының 95 жылдығы аясында аудандық кіші аяқ добынан аула командалары арасындағы «Құрманғазы-2023» жазғы чемпионатының «Жоғарғы» және «Бірінші» лигасының жабылу салтанаты өтті.

Бір айға созылған «Құрманғазы-2023» жазғы чемпионатын қорытындылау шарасына ауданға қарасты футбол командалары және жанкүйерлер қатысты. Қорытынды шараға аудан әкімі Жанғалиев Абат Сайфоллаұлы қатысып, марапаттау рәсімін жасады.

Лига ұйымдастырушылары Елтай Бағжан, Рахметов Ерхан ,Сабитов Ануарбек пен турнирдің ең жасы үлкен ойыншысы, спорт ардагері – Бектемиров Жандос Мнафихұлы Алғыс хатпен марапатталып, ойын жеңімпаздарына белгіленген номинациялар табысталып, кубоктар берілді.

I лига командалары арасында жеңімпаздар:

Үздік шабуылшы: Қайыржанов Айсұлтан (Жастар аула командасы)

Үздік сұр мерген: Ибатуллин Ерлан (Ақкөл аула командасы)

Үздік қақпашы: Гимран Нұрлыбек (Жастар аула командасы)

Үздік қорғаушы: Әзімжан Мерей (Мақаш аула командасы)

Үздік ойыншы: Бекболатұлы Нұрай (Жамбыл аула командасы)

Жеңіске деген жігері үшін – Ардагерлер командасы

I орын – Ақкөл аула командасы

II орын – Жастар командасы

III орын – Жамбыл аула командасы

Жоғарғы лига командалары арасында жеңімпаздар:

Үздік шабуылшы: Анесов Дастан (Теңіз аула командасы)

Үздік сұр мерген: Бейбітұлы Еркебұлан (Мон-бан аула командасы)

Үдік қақпашы: Хайроллаұлы Бейбарыс (Красиловка аула командасы)

Үздік қорғаушы: Ауезов Ислам (Шортанбай аула командасы)

Үздік ойыншы: Жұмабаев Нұргелді (Красиловка аула командасы)

Үздік жаттықтырушы: Харесов Әліби (Теңіз аула командасы)

Үздік команда өкілі: Ғинаятов Елемес (Жастар аула командасы)

I орын – Мон-бан аула командасы

II орын – Теңіз аула командасы

III орын – Красиловка аула командасы

Шара соңы естелік фотоға түсу және от шашумен аяқталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT