Еңбекші ауылдық клубында «Конферансье-2023» облыстық жүргізушілер байқауының аудандық іріктеуі өтті.
Қатысушыларды С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің мәдени іс-шаралар жүргізушісі, облыстық "Конферансье-2018" байқауының жеңімпазы Рүстем Тоқаев, аудандық мәдениет үйінің жалпы мәдени шараларды ұйымдастыру режиссері, облыстық "Конферансье-2020" байқауының І орын иегері Елдос Құлшаров, Еңбекші ЖОМ қазақ тілі мен әдібиеті пәнінің мұғалімі Майра Шайхиева барлық талаптар бойынша саралады.
Нәтижесінде Қуаныш Толыбекұлы(Мақаш а/о) - жекелей және Диана Ильясова(Нұржау а/о) мен Ернар Қабиев(Еңьекші а/о) - жұп болып, облыстық бәйгеде өнер көрсететін болды.
Аудан намысын қорғауда, жолдама алған жүргізушілерге сәттілік тілейміз!