Көріпкел Гүлпарам

(0 Votes)

Біздің қазақ құдіреттің не бір таңғажайып сыйын еншілеген.

Соның бірі - көріпкелдік қасиет. Яғни өзіне табынып немесе маңдай тіреп келген жанның алдағы тағдырын дәл болжап айтады қысқасы. Егер өміріне қауіп төніп не жолы жабылып тұрса, өз тарапынан тәуіптік көмегін көрсетеді.

Бұл орайда Құрманғазы ауданының орталығында тұратын Гүлпарам Шайдоллақызы Маймованың есімін үкілеп айтамыз. Өйткені ол өзін көріпкелдік тұрғыда әбден мойындатып үлгерді.Біреуден – біреу естиме,Алматыдан ат сабылтып іздеп келіп қасиетін әбден мойындап кеткен ағайынның аты – жөнін жария қылудың тап қажеттігі бола қоймас.Астанадан бері қарай, еліміздің бірқатар аймақтарынан сабылған жұрт Гүлпараның алдына жығылса, меселін қайтарған ол емес.Шүкір, дертіне дауа тауып жатырған біреу.

Ол 1965 жылдың 1- мамырында осы ауданның Батыр Хиуаз ауылында туылған. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті 1982 жылы бітіреді. Әкесі Тілегенұлы Шайдолла 1932 жылы 22 ақпанда Мақаш ауылдық округінің Ботақан ауылында дүниеге келіп, 1978 жылы бақилық болады.Математика пәнінің мұғалімі болып ұзақ жылдар жұмыс жасаған, руы – Жақау Шеркеш.

Ал, анасы Сағуқызы Сара 1937 жылы бұрынғы Дәшін,қазіргі Жаңа Талап округінде туылған.Ұзақ жылдар бастауыш сынып мұғалімі ретінде танымал болған.Ноғай – қазақ руының қызы екен.1986 жылы қайтыс болыпты.

Гүлпара Шайдоллақызы мектеп бітірген соң сол кездегі облыс орталығы – Гурьев қаласынан «ТУ - 20» училещесін «кондитер» мамандығы бойынша тәмамдайды. Біраз жылдар Киров атанған кеңшардағы кулинарияда, Қоғамдық тамақтандыру мекемесінде еңбек етеді.Гүлпараның саулығы бала кезінен сыр береді.1991 жылы Алматыда бір көзіне, 2006 жылы Волгоградта екінші көзіне жасаған оталар жемісін бермей, II – топтағы мүгедектікке жатқызылады.

Екі көзі бірдей көрмеседе Гүлпараның өмірге құштарлығы ешбір сау адамнан кем емес.Көріпкелдік руы Ноғай қазақ, нағашысы Сағу Жүнісұлынан дарыпты.Бұл ата 1896 жылы туылып, 1984 жылы өмірден озған.Кеңестік жүйе қаншалықты қысқанымен маңайдағы ел ерекше қасиетіне жүгінуін қоймаған екен, жарықтықтың.Өз атасы Тілегенұлы Қошман да Мекке – Медине топырағын басқан үлкен емші,қасиетімен танымал, қажы атанған жан екен.1898 жылдың тумасы, 1947 жылы бақи дүниеге көшкен.Көріп отырғанымыздай Гүлпара Маймоваға да Алланың айырықша делінетін көріпкелдігі тектен дарыған. Демек, құнарсыз жерге дән көктемейтіні айдай ақиқат.

Ері Маймов Айболат зейнеткер бүгінде.Қызы Элеонора 1988 жылы туылған, 2003 жылы қайтыс болып кеткен. 1995 жылы өмірге келген Айбек ұлдан үміттері үлкен,Тәңірі жарылқағай. Екі жанары суалып кетсе де саусақ ұшы, көкірек көзі көріпкелдігіне, үй тірлігіне тежеу сала алмайды. Оның шаңырағына екі ұдай ойда, үргелек сезімде кіргендер күлімдеп кері шығып жатады. Алланың берейін деген жанға құдіреті шексіз екендігіне еріксіз иландырады.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521