Көптоғайдың проблемалық мәселелеріне қанықты

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиев іссапарын Көптоғай, Шортанбай ауылдық округтерінде жалғастырып, осындағы бюджетке қарайтын халыққа қызмет көрсету орындарының жағдайымен танысты.

Алдымен майор Ю.Гафаров шекарадан мал өту фактілерінің жиілеуіне орай, оны болдырмау мақсатында жаңадан қоршау жұмыстары жүзеге асатын жерлерді көрсетті. Ал тұрғындар  ауыл маңындағы онсыз да тарылып бара жатқан жайылымдық жерлерге қоршау жүргізілетініне қапалы. Майор Ю.Гафаров бұл жұмыстардың барлығы мал ұрлығының, төрт түліктің шекарадан өтудің алдын алу бағытында атқарылып жатқанын ескертті. Осыған орай, ауыл тұрғындарына түсіндіру шараларын жүргізу үшін қауымдастық жиналыс өткізудің маңыздылығын жеткізді. Одан әрі аудан әкімі М.Мурзиев Көптоғай ауылдық округі әкімі аппаратына барып, былтырғы жылы күрделі жөндеу жасалған ғимараттың жүргізілу сапасына көңілі толды. 624 орындық С.Мұқанов жалпы орта мектебінде қазір 151 оқушы білім алуда. Мектеп директоры Күнсұлу Сүйінова аралату барысында білім сапасы, ыстық тамақпен қамту, балалардың қандай спорт түрлерімен айналысатыны туралы жан-жақты ақпарат берді.

kptoaj3

kptoaj1

Көптоғай фельдшерлік акушерлік пункті  - 1958 жылы салынған тозығы жеткен ғимарат. 2019 жылы округ әкімінің шешімімен жаңа пункт салу үшін жер беріліп, орны белгіленген. Бүгінгі таңда аудандық аурухана арқылы облысқа сұраныс жіберіліп, 2021-2022 жылдарға арналған жоспарға енгізілген. Аудан әкімі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспарға бұл мәселені бірінші кезекке қойып, шешу жолдарын қарастыратынын айтты. 90 орындық «Ақтоты» балабақшасында 45 бөбек тәрбиеленуде. Кәріз жүйесі былтырғы жылы іске қосылған, тек материалдық базасын жақсарту керек. Көптоғай ауылдық клубының  директоры Базарбай Нұрышев 2017 жылы округ әкімінің №24 шешімімен клуб ғимаратын салуға жер берілгенін, жобалау сметалық құжаттамасы жасақталғанын, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы шыққанын қаперге берді. Қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолдануда. Аудан басшысы М.Мурзиев құрылыс жұмысы басталған кезде оның жүргізілу сапасын бақылауда ұстау қажеттігін айтты. 2016 әскери бөліміне қарасты «Көптоғай» жеңілдетілген өткізу пунктінің модульдік ғимаратына жарық, жылу тарту қажет етіледі. Аудан әкімі М.Мурзиев округ әкімдігінің балансына кіретін бұл мәселе өз шешімін табатынын жеткізді. Бұдан басқа округтің  проблемалық  түйткілдеріне тоқталсақ, ауылішілік тозығы жеткен электр бағаналарына жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ құжаттарын жасақтауға қаржы көзін қарастыру керек. Су тазарту қондырғысының насостарын ауыстыру жөнінде аудан әкіміне бюджеттік өтінім жолданды.  

kptoaj4

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521