Бүгінгі ақпарат бойынша Бiрлiкте жарық қосылды. Көптоғайда электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр.
Мұнда және округке қарасты Балықшы ауылында 2 бригада, 4 техника жұмыс жасауда. Дәл қазір 11 шағын елді мекен: Көкарна, Колбин, Құмарғали, Шайхы, Каспий, Жамбыл, Ғ. Әлiпов, Жасталап, Күйген, Шағырлы, Жасарал электр жарығынсыз отыр. Бұл ауылдардағы құлаған соқалардың бәрі "Атырау-Жарық" мекемесіне қарасты. Орын алған жағдайды қалпына келтіру үшін аталған мекеменің 9 бригадасы жұмылдырылған. Соның ішінде 7 бригада (43 адам,16 техника) шағын елді мекендерге бөлiнген. Бүгін олардың кейбірiне жарық берiледi. Қалғандарында да жөндеу жұмыстары жалғасады.