Көптоғай ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды

(1 Vote)

18 мамыр 2021 жылы өткізілген сайлаудың қорытындысымен, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Көптоғай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы шешімі негізінде, аудан әкімінің 2021 жылғы 21 мамырдағы №179-Ө өкімімен Хасанов Жастілек Әдебиетұлы Көптоғай ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

Жергілікті қоғамдастық мүшелері, мекеме басшыларының қатысуымен өткен жиында аудан әкімі М.Мурзиев жаңа әкімге тәжірибесінің арқасында жергілікті тұрғындармен бірлесіп, ауылдық округтегі проблемалық мәселелерді шешу жолында жұмыстануды жүктеп, бірқатар міндеттер қойды. Жергілікті қоғамдастық мүшелері С.Баженов, С.Сдыхов, мектеп директоры К.Суйнова жаңадан тағайындалған әкімге, округтегі басты мәселелерді жеткізіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. 

20210521_225037

Хасанов Жастілек Әдебиетұлы 1978 жылы 5 сәуірде Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылының тұрғыны. Отбасылы. Білімі – жоғары. 2000 жылы Атырау Мұнай және газ институтын «инженер-механик» және 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Ганюшкин ауылындағы «Теңіз ауыл құрылыс» акционерлік қоғамында механик болып бастаған. 2000-2001 жылдары әскер қатарында, 2001-2002 жылдары Әуезов орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі, 2002-2007 жылдары «Каспий Строй Сервис», «Атырау облтяжстрой», «Ганюшкино», «БИК» ЖШС-де механик қызметтерін атқарды. 2007-2016 жылдары аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы, басшысы лауазымын атқарған. 2016 жылдан бастап, күні бүгінге дейін аудан әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT