Көппәтерлі үй биыл біте ме?

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев Қадыр ауылында салынып жатқан 60 пәтерлік үш қабатты үйде болды.

Бұл үй бітуге таяп қалыпты. Мұнда тапсырыс беруші Құрманғазы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі. Бас мердігер мекеме «Декор» ЖШС, ал, техникалық бақылаушы «Строй-Проф» ЖШС. Жоба бойынша былтыр басталған нысан биыл пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыстың ішкі жұмыстарымен айналысып жатқан жеке кәсіпкер Сәбит Мусағалиевтің айтуынша 3 бригадада 32 адам жұмыс жасауда. Ғимараттың төбесі жабылып, терезелері салынған. Ендігі қалып тұрғаны ішкі жұмыстары. Сылақ жұмыстары бір-екі аптада аяқталады.

zhaa-alpys-pter1

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы мердігер мекеме өкілімен әңгімесінде: – Енді күн салқындап кетпей тұрғанда алдындағы асфальтін төсеуді қолға алыңыздар. Қажетті материалдарға қазірден бастап сұраныс беріңіздер. Ертең дер кезінде жетпей қалып жүрмесін. Жылуын қосып, ішін жасай беруге болады ғой. Биыл аяқтап, келесі жылдың басында табыстауымыз керек. Себебі үй кезегінде тұрғандар көп. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны уақытында игермесек, кері кетіп қалады. Сіз, біз болып осыны құнттайық. Оны сұратып алу да оңайға соққан жоқ. Тағы бір мәселе техникалық бақылаушы үнемі жұмыстың басында болсын, - деп әкімдік тарапынан қандай көмектер керегін сұрады. Аудан басшысы ғимарат ішін аралап, жасалып жатқан жұмыстардың қарқынымен танысты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521