"Біз біргеміз"акциясы аясында аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры М.Ғилаев мектеп орналасқан мөлтек ауданға қарасты көп балалы отбасыларға барып, бір жолғы азық-түлікпен көмектесті.
Сонымен бірге, балалардың қашықтан оқу мүмкіндіктерінің жай-күйімен танысып шықты. Балалар күтпеген қонақты жылы қабылдап, ризашылықтарын білдірді. Құрметті ата-аналар, біз сіздермен біргеміз!
Әуезов атындағы жалпы орта мектебі