Көпбалалы аналар алқа тақты

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада Құрманғазы ауылдық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен мерекелік кездесу өтті.

Алдымен сөз алған Құрманғазы ауылдық округініңң әкімі Абдуррахман Муса жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің тарихи, саяси мәніне кеңірек тоқталды. Одан әрі 2021 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Алтын алқамен» Тамара Кабулованы, «Күміс алқамен» Александра Ведешинаны марапаттады.

gaukhariya-apa1

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Дүние аналармен ардақты» атты фестивальді қорытындылап, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар тапсырды. Шарада С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Р.Сәрсенова, З.Қуанышқызы, Т.Қажыгереев әннен шашу шашты.

А.Шакупова     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521