Көпбалалы аналарға «Күміс алқа» табысталды

(0 Votes)
«Күміс алқа» табысталды

Округ әкімі А.Муса ҚР Президентінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы N64 Жарлығына сай көпбалалы аналарға төсбелгі табыс етті.

k

Алты баланы дүниеге әкелген, алтын құрсақты аналар А.Демеуова мен Г.Телекбаеваға «Күміс алқа» иеленді.

Абдуррахман Рахметұлы құттықтау сөзінде батыр анаға еліміздің демографиялық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын айтып, қоғамдағы әйелдің рөлі өте маңызды екенін атап өтті. «Ананың құдіреті шексіз. «Оның алдында бүкіл дүние бас иеді» деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқтап, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. «Ана» деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды»,- деді округ әкімі.

Округ әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521