КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР САЛЫНСА...

(1 Vote)

Қазір баспанамен қамту күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Жыл сайын кезекте тұрғандардың саны өсе түсуде. Қолымыздағы деректерге сүйенсек күні бүгін аудан орталығында 14880 тұрғын бар. Жағдайы төмен, бірінші кезекте үймен қамтылатын адамдардың саны 1600-дің үстінде. Яғни, аудан халқының 10 пайызынан астамы. Қазір 60 пәтерлік бір үй салынып болды, тағы бірінің құрылысы басталды. Соларды есептесек, сонда үш қабатты жаңадан салынған үш үйде 180 отбасы қоныстанады екен. Бұл жаңағы 1600-дің 10 пайызынан астамы болмақ. Қалғандары алға қарай тағы да үйлер салынып жатса қамтылмақ. «Жас өспей ме, жарлы байымай ма?!» дегендей, олар қамтылғанша үй кезегі тағы да өсе түсері анық. Оны жылжыту үшін не істеген жөн?

Біздің ұсынысымыз көп пәтерлі үйлерді үш қабатты етпей неге көп қабатты етіп салмайды. Әрі жер үнемделеді, оның үстіне бір үйден қосымша тағы 60 немесе одан да көп отбасыға баспана беріледі. Мүмкін бұл ауданның архитектуралық кескін-келбетіне сай келмей ме? Десек те бізде аудандық агроколледждің 4 қабатты корпусы бар емес пе? Егер үлкен кісілерге жоғары қабаттарға көтерілу қиынға түседі десек, оларға төменнен орын беруге болады. Жеделсаты (лифт) орнатса тіпті жақсы. Тағы бір тиімдісі мұндай үйлерді салу Құрманғазы ауылын шағын шаһарлар қатарына кіргізіп, моно қалаларды дамытуға арналған бағдарлама арқылы берілетін көмекке ие қылмай ма?

Бұл туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Азатовпен сөйлесіп көргенімізде көп нәрсе жобалауға, қаржыға, халық санына тірелетінін айтты. Көп қабатты еткен жағдайда тұрып қалуы немесе құрылыстың созылып кетуі мүмкін деген орынды пікірін білдірді. Жалпы қала атанатын кезіміз жеткен сияқты. Атырау сияқты бай өлкеге бір ауданға берілетін дотацияны ұлғайту қиынға түспес. Шекаралық қала ретінде республикалық бюджеттен де қаржы қаралса нұр үстіне нұр. Бұл ойланатын мәселе деп есептейміз.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521